«Бірлік рухы: еліміздің мақтанышы»
22.04.2025
Абонементтер бөлімі Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бірлік рухы: еліміздің мақтанышы» атты көрме-арнау дайындады. Көрмеде көп ұлтты елдің мәдениеттері мен дәстүрлерінің алуан түрлілігі көрсетілген басылымдар ұсынылған.
Көрмеде түрлі этностардың тарихы мен мәдениеті туралы басылымдар ұсынылған: «История этносов Казахстана», «История Казахстана. Народы и культуры», «Народ Казахстана: история и современность».
Көрмені түрлі этникалық топтар, олардың әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері мен мәдениеті, көп ұлтты мемлекеттің тарихы, оның дамуы мен жетістіктері туралы материалдар толықтырады.
Бір ай бойы жұмыс істейтін көрмеге қатысуға шақырамыз.