Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Артық білім – кітапта»
18.04.2025
18 сәуірде Кітапхана түні аясында Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ерекше форматтағы іс-шара – «Артық білім – кітапта» атты танымдық КУИЗ өтті.
Кешкі уақыттағы бұл зияткерлік сайысқа Қостанай өңірінің зиялы қауымы, кітапсүйер қауым, сондай-ақ әр салада еңбек етіп жүрген жастар қатысты. Қатысушылар үш кезеңнен тұратын сұрақтар арқылы әдебиет, мәдениет, ғылым және жалпы білім салалары бойынша өз білімдерін ортаға салды.
Іс-шараның мақсаты – жастарды кітап оқуға ынталандыру, зияткерлік ойлауды дамыту және кітапхананың заманауи мүмкіндіктерін көрсету болды. Кеш бойы қатысушылар қызықты сұрақтарға жауап беріп, өзара пікір алмасып, жағымды әсермен тарқасты. Мұндай форматтағы кештер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ