Көру қабілеті бұзылған адамдар арасындағы дойбы сайысы
14.04.2025
13 сәуірде Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында көру мүмкіндігі шектеулі жандар арасында дойбыдан сайыс өтті.
Ойынға «Дода» клубының мүшелері келді. Сайысқа барлығы 8 адам қатысты. Спортшылар табанды сайыста жүлделі орындар үшін күресті. Қорытындылау кезінде сайыс жеңімпаздары грамоталармен марапатталды.
Сайыс барлық ережелер бойынша және достық ахуалда өтті.