Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Қазақстан энергетикасы: қазіргі жағдай және болашақ»
08.04.2025
8 сәуірде «Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ қызметкерлері Қазақстанның энергетика мәселелеріне арналған сұхбат алаңын өткізді. Кездесу жастардың энергетика саласындағы сауаттылығын арттыру және елдің энергетика саласын дамытудың негізгі аспектілерін түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды.
Іс-шараға Қостанай облысы облыстық мәслихатының депутаты, ғылым кандидаты, профессор Есеева Ғайния Ғалымжанқызы, биология ғылымдарының кандидаты, Ө. Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институттың жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры Ручкина Галия Адгамовна қатысты.
Қатысушылар Қазақстан энергетикасын дамытудың өзекті бағыттарын, саланың ағымдағы жай-күйін және оның болашақтағы дамуын талқылады. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ экология, биология және химия кафедрасының студенттері мен Қостанай қаласы білім бөлімінің «Спандияр Көбеев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ оқушылары талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойды, тақырыпқа шынайы қызығушылық танытып, өз пікірлерімен бөлісті. Пікірталас барысында қатысушылар Қазақстан энергетикасының болашағы білікті кадрларды даярлауға байланысты екенін, қазіргі энергетика саласында жұмыс істеу үшін қажетті білімі мен дағдылары бар мамандарды даярлауға бағытталған білім беру бағдарламаларын дамытудың маңызды екенін атап өтті.
Пікірталас еліміздің энергетикалық мәселелерін шешуге жастарды белсенді қатысуға шақырумен аяқталды. Ұйымдастырушылар сұхбат алаңы Қазақстанның тұрақты және тиімді энергетикалық жүйесін дамытуға бағытталған жаңа бастамалар мен жобалар үшін бастапқы нүкте болатынына сенім білдірді.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ