Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Наурыз дәстүрі – сан ғасырлық саф мұра»
17.03.2025
17 наурызда Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында Л. Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК-да «Наурыз дәстүрі – сан ғасырлық саф мұра» атты ерекше кездесу өтті.
Мәдениет және ұлттық дәстүрлер күні аясында өткен іс-шараның құрметті қонағы сәндік-қолданбалы өнер шебері Хасенова Зинеп Мұқашқызы болды. Кездесу барысында Зейнеп Мұқашқызы дәстүрлі қазақ қолөнерінің құпияларымен бөлісті, ұлттық стильдегі бұйымдарды жасаудың ерекшеліктері туралы айтып берді.
Іс-шараға қатысушылар қазақ халқының ежелгі өнері туралы көптеген қызықты нәрселерді біліп, шебердің жұмыстарымен танысты. Өлкетану әдебиеттері бөлімі ұйымдастырған кеш ұлттық мәдени мұраны сақтау мен насихаттаудың маңыздылығын көрсетті.
Кездесу тек танымдық сипатта ғана болып қоймай, сонымен қатар барлық қатысушылардың жүрегінде терең рухани із қалдырды, ұлттық бірлік пен ежелгі дәстүрлердің қайта жандануының ерекше атмосферасымен есте қалды.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ