Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Зерделі ғалым, зиялы тұлға»
14.03.2025
Өлкетану әдебиеттері бөлімі назарларыңызға экономика ғылымдарының докторы, профессор Байзақов Сәбит Байзақұлының 85 жылдығына арналған кітап көрмесін ұсынады.
Сәбит Байзақов – орман шаруашылығы ғылымдарының бірінші докторы. Оның ғылыми еңбектері орман ресурстарын зерттеуді, орманның бағасын белгілеуді, орман шаруашылығы жүйесін жүргізуді және орман шаруашылығын басқаруды едәуір байытты. Қажырлы еңбегі мен ғылыми ізденістерінің арқасында С. Б. Байзақов тек біздің республикамызда ғана емес, бүкіл Орталық Азияда жоғары білім мен ғылымның көрнекті өкілдерінің біріне айналды. Ол ерен еңбегімен еліміздің ғылыми және шығармашыл зиялыларының қатарына қосылды, ғылыми қоғамның көрнекті өкілдерімен бірге жұмыс істеу, олардың сөздерін тыңдау және тәжірибе алмасу бақытына ие болды.
Көрмеде Сәбит Байзақовтың өмірі мен қызметі туралы баяндайтын «Терең тамыр», «Ел мен жер және тұлғалар тарихы», «Өнегелі өмір» сияқты кітаптар, сондай-ақ мерзімді басылымдардан алынған мақалалар ұсынылған.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ