Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Нұр себеле ұлыстың ұлы күні»
03.03.2025
Наурыз мейрамы – тамыры тарихтың қойнауынан басталатын көктемгі жаңару мерекесі. Ол жаңа жыл мен жаңа өмірдің басталуын білдіреді, жақсылыққа үміт артады. Наурыз қарсаңында Әмбебап оқу залында «Нұр себеле ұлыстың ұлы күні» атты безендірілмелі кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеге осы бір шуақты көктем мерекесіне және оның тарихына арналған материалдар қойылған. Белгілі қазақ этнографы Сейіт Кенжеахметұлы «Жеті қазына» кітабында Наурыз мерекесіне жан-жақты түсінік беріп, оны «Ұлыстың ұлы күні» – халықтың ұлы мерекесі, айтулы күн деп атайды.
Көрмеде оқырмандар әдебиетпен ғана емес, тақырыптық суреттермен, мерекелік құттықтаулармен және тілектермен, сондай-ақ көктем туралы өлеңдермен де таныса алады.
Көрме ай бойы жұмыс істейді.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ