«Қазақтың қайсар ұлы – Жұмабек Тәшенов»
03.03.2025
Құрметті оқырмандар! Әмбебап оқу залы Қазақстанның белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшеновке арналған «Қазақтың қайсар ұлы – Жұмабек Тәшенов» атты кітап көрмесін дайындады.
Көрмеге Жұмабек Ахметұлы Тәшеновтың өмірі, қоғамдық-саяси қызметі және азаматтық ерлігі жайындағы басылымдар қойылды. Ұсынылған әдебиеттердің ішінен «Жұмабек Тәшенов туралы естеліктер» шығармасы мен К. Асановтың «Сказ о закованном тигре. Национальный герой казахского народа Жумабек Ахметович Ташенев» кітабы ерекше орын алады. Бұл адам туралы ақпаратты мерзімді басылымдардан, сондай-ақ «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясынан, «Қазақстан тарихы» энциклопедиялық сөздігінен, С. Қирабаевтың «Өмір тағылымдары. Естеліктер» және З. Кабульдиновтың «Астана: прошлое и настоящее» кітаптарынан және көптеген т.б. табуға болады.
Кітап көрмесі ай бойы жұмыс істейтін болады.