«Ескендір Хасанғалиев – оқшау дара тұлға»
20.02.2025
20 ақпанда Өнер туралы әдебиеттер бөлімінің қызметкерлері Қостанай жоғары колледжінің студенттері үшін әнші, композитор, Қазақ КСР халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтің туғанына 85 жыл толуына арналған музыкалық сағат ұйымдастырды.
Іс-шараға қатысушылар өнер шеберінің өмірбаянымен және шығармашылығымен танысты, оның «Атамекен», «Әдемі-ау», «Ескірмеген махаббат» және т. б. тамаша әндерін еске алды. Бағдарламада композитордың шығармалары орындалып, оның өмірі мен қазақ музыкасының дамуына қосқан үлесі туралы мұрағаттық материалдар мен әңгімелер көрсетілді.
Кеш әндері әркімнің жүрегінде қалған атақты адамға деген сағыныш пен оның еңбегіне деген ризашылыққа толы болды.
@_kvekk_