«Ұлт мақтанышы – Жамбыл Жабаев»
14.02.2025
Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімінің Рудный қ. филиалында қазақ ауыз әдебиеті шығармашылығы шеберінің туған күні қарсаңында «Ұлт мақтанышы – Жамбыл Жабаев» атты поэзия сағаты өтті.
Бұл автор әдебиет тарихындағы қайталанбас авторлардың бірі болып табылады. Бір ғасырға жуық уақытты қамтыған Жамбыл Жабаевтың өмірі бір мақсатқа – туған халқының мүддесіне қызмет етуге бағытталды. Атақты ақын халықтың жадында мәңгілікке теңдесі жоқ сөз шебері болып қала береді.
Іс-шараның жүргізушілері қатысушыларды қазақ халқының ұлы ақынының шығармашылығымен таныстырды. Жамбыл өлеңдері қазақ және орыс тілдерінде оқылды, музыкалық нөмірлер де орындалды.