Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Халық бірлігі – ел бірлігі»
12.02.2025
Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Халық бірлігі – ел бірлігі» атты кітап көрмесі ашылды.
Экспозицияға Ассамблеяның тарихы мен жұмысы туралы әңгімелейтін кітаптар, оның елдегі бірлік пен келісімді нығайтудағы маңызы туралы баяндайтын материалдар кіреді. Инклюзивті басылымдарға ерекше назар аударылды – Брайль жүйесі бойынша шығарылған материалдар ұсынылды.
Сондай-ақ көрмеден Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIII сессиясында сөйлеген сөзі жазылған аудиодискіні көруге болады. Келушілерге ыңғайлы болу үшін осы тақырып бойынша бейнематериалдарды көруге мүмкіндік беретін QR-кодтар қойылған.
Баршаңызды Қазақстан халқының тарихымен және мәдени мұрасымен танысуға шақырамыз!

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ