«Жаңа кітаптар көрмесі»
17.01.2025
Абонементтер бөлімі барлық кітап әуесқойлары мен кітап оқуды ұнататындарды кітапханаға енді ғана түскен түрлі жанрлардың ең соңғы және қызықты басылымдары ұсынылатын «Жаңа кітаптар көрмесі» көрме-қарауына шақырады.
Көрмеде көркем әдебиет саласындағы жаңа туындылармен, ғылыми зерттеулермен, балалар кітаптарымен танысуға, сондай-ақ әдебиеттерді таңдау бойынша кітапханашылардан ұсыныстар алуға болады. Бұл кітап саласындағы соңғы жаңалықтардан хабардар болғысы келетіндер үшін, сондай-ақ оқу үшін жаңа нәрсе іздейтіндер үшін тамаша мүмкіндік болып табылады.
Жыл бойы жұмыс істейтін көрмені көруге шақырамыз.