«Ұлт рухын ұлықтаған тұлғалар»
15.01.2025
Құрметті оқырмандар! Әмбебап оқу залында «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында екі көрнекті автордың – Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылығына арналған «Ұлт рухын ұлықтаған тұлғалар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеде олардың әдеби шығармалары, өмірі мен шығармашылығы туралы жарияланымдар, сондай-ақ жазушылар туралы дәйексөздер мен пікірлер қойылған. Көрмедегі QR-кодтың көмегімен қосымша ақпарат алуға болады.
Сіздерді жыл бойы жұмыс істейтін көрмеге қатысуға шақырамыз.