«Өлкетану саласының жаңа басылымдары»
15.01.2025
Құрметті оқырмандар! Өлкетану әдебиеттері бөлімі назарларыңызға жыл сайынғы «Өлкетану саласының жаңа басылымдары» атты кітап көрмесін ұсынады.
Көрмеге бірегей өлкетану басылымдары, Қостанай мен Қостанай облысының жаңадан жарық көрген көркем және салалық әдебиеттері қойылған. Олардың ішінен Алмасбек Әбсадық «Алаш жолы және Ахмет Байтұрсынұлы», Жақсылық қажы Жүнісұлы «Ұстаздардың ұлағатты ұстазы» секілді басылымдарды ерекше атап өтуге болады.
Кітап көрмесі жылдың соңына дейін жұмыс істейді және жаңа әдебиеттермен тұрақты толықтырылып отырады.