Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Ұрпақтар жадында сақталар соғыс»
10.01.2025
Биыл еліміз Ұлы Жеңістің 80 жылдығын атап өтеді. Абонементтер бөлімінде осы айтулы оқиғаның құрметіне майданда қан кешкендер мен тылда жұмыс істегендерге құрмет көрсететін ауқымды көрме-таныстырылым ұйымдастырылды. Көрмеде Қазақстан мен Қостанай облысының Жеңіске қосқан үлесіне ерекше назар аударылды.
Көрмеде соғыстың әртүрлі аспектілерін қамтитын кітаптар, естеліктер және фотосуреттер қойылған. Материалдардың ішінен соғыстан аман қалған қазақстандықтардың естеліктерін, сарбаздар мен тыл еңбеккерлерінің ерлігі туралы баяндайтын құжаттарды көруге болады. Көрме келушілерді Қостанай облысының батырларының өмірбаянымен, олардың жеке тарихымен және ерліктерімен таныстырады. Экспозицияны тақырыптық фотоаймақ толықтырады.
Кітаптар мен құжаттар арқылы халқымыздың тарихын тану үшін барлық ниет білдірушілерді көрмеге шақырамыз.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ