Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Денсаулық – табыс кепілі»
09.01.2025
Құрметті оқырмандар! Әмбебап оқу залы назарларыңызға саламатты өмір салтын ұстану керектігі және қалай әдемі және сымбатты болуға болатыны жайындағы әдебиеттер қойылған «Денсаулық – табыс кепілі» кітап көрмесін ұсынады. Көрмеде ұсынылған материалда спортпен шұғылдану және жаман әдеттермен күресу туралы ақпарат бар.
А. Каррдың «Лёгкий способ бросить курить», И. Г. Ураковтың «Наркомания: Мифы и действительность», Г. Кульчитскийдің «Ваш ребёнок. Как уберечь от наркотиков» кітаптары жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлеуметтік мәселелердің уақытылы алдын алу жолдарын табуға көмектеседі.
В. П. Малыйдың «ВИЧ/СПИД» кітабында қауіпті аурудың таралу жолдары мен алдын алу жолдары қарастырылған. М. Б. Уакасовтың «Психологияны ғылыми зерттеу әдістері» кітабында психологияны зерттеудің ғылыми әдістерін түсіну және зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті ақпарат бар.
Кітап көрмесі жыл бойы жұмыс істейді және толықтырылып отырады.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ