Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Киелі Қазақстан: рухани дәстүрдің бастауы»
08.01.2025
Әмбебап оқу залында «Киелі жерлер» жобасы аясында «Қасиетті Қазақстан: рухани дәстүрдің бастауы» атты кітап көрмесінің жұмысы жалғасуда. Ол еліміздің баға жетпес мәдени мұрасы болып табылатын Қазақстанның киелі орындары мен нысандарына арналған.
«Сакральный Казахстан», «Қазақтың киелі жерлері», «Қазақстанның 70 тарихи орны» суретті басылымдары оқырмандардың назарын ерекше аударады. Бұл материалдар Қазақстанның қасиетті орындары мен кешендері туралы бірегей ақпаратты қамтиды.
Көрмеге қойылған QR-кодтар әркімге еліміздің киелі орындары бойынша қызықты саяхатқа шығуға мүмкіндік береді.
Көрме жыл бойы жұмыс істейді және жаңартылып отырады.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ