Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Шаңырақтың шаттығы – ізгіліктің бастауы»
17.03.2024
17 наурызда Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі қостанайлық жас қазақ ақындарының «Ақ қауырсын» әдеби клубының мүшелері үшін Наурыз мерекесіне арналған «Шаңырақтың шаттығы – ізгіліктің бастауы» атты викторина өткізді.
Зияткерлік-танымдық ойын барысында іс-шараға қатысушылар мерекенің тарихымен, отбасылық құндылықтармен және қазақ фольклорының айтар ойының тереңдігімен танысты.
Халық музыкасының аясында халықтың мәдениетіне, оның отбасылық құндылықтары мен дәстүрлеріне қатысты сұрақтар қойылды. Қатысушылар сұрақтарға жарыса жауап іздестірді, өздерінің білімдерін көрсетті және сол үшін сыйлықтарға ие болды.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ