Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Экскурсия
04.03.2024
04 наурыз күні Абонементтер бөлімінде «№ 16 жалпы білім беретін мектеп» КММ оқушылары үшін Жошы ұлысының құрылғанына 800 жыл толуына арналған «Жошы ұлысы және қазақ тарихи аңыздары» кітап көрмесіне шолу өткізілді.
Кітапхана қызметкері Жошы хан билік еткен кезең мен Қазақ Ордасының негізі қаланған кезеңді көрсететін әдебиеттерді ұсынды. Жошы ұлысының қалыптасу тарихымен таныстыратын З. Қинаятұлы «Қазақ мемлекеті және жошы хан», Т. Султанов «Чингиз-хан и его потомки», К. Данияров «Альтернативная история Улыса Жошы-Золотой Орды» басылымдарына егжей-тегжейлі тоқталды.
Көрмеге шолу жасағаннан кейін оқушыларға кітапхана бойынша экскурсия өткізілді, онда оқушылар бөлімдердің кітап қорларымен, мерейтойлық көрмелермен және сирек кездесетін кітаптармен танысты. Соңында оқушылар мазмұнды экскурсия үшін алғыс айтып, бөлім қызметкерлеріне ризашылықтарын білдірді.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ