Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«…И музы творческий полёт»
16.02.2024
Кітапхананың жиналыс залында дәстүр бойынша «Встреча друзей» музыкалық клубының қатысуымен ақпан айында өтетін «…И музы творческий полёт» атты шығармашылық кеш ұйымдастырылды.
Кездесуді аккордеонның жүрегіңді шымырлатар шығармасы ашты, француз шансонының танымал әуендері, сондай-ақ Моцарт пен Брамстың эстрадалық композициялары орындалды. Ұжым өзінің сахнаға шығуын Андрей Эшпайдың «Криницы» музыкалық композициясымен ашты.
Хордың жеке орындаушылары Станислав Лемке мен Людмила Лукьянова қай ұрпақтың да көңілінен шығар «Я встретил Вас», «В лунном сиянье» романстарын орындап, неміс композиторы Р. Штраустың «Персидский марш» шығармасын шырқады.
Музыкалық нөмірлер өлең оқулармен, өмірде болған қызықты оқиғаларды еске алумен және құттықтаулармен кезектесіп отырды. Кеш жүрекке жылы және достық жағдайда өтті.
Келесі кездесу 6 наурызда сағат 15:00-де өтеді және Халықаралық әйелдер күніне арналатын болады

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ