Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Ауғанның отты жалыны»
13.02.2024
13 ақпанда Әмбебап оқу залы Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуына орай «Ауғанның отты жалыны» атты кездесу-сұхбат өткізді.
Іс-шараға әскери іс-қимыл ардагерлері, интернационалист жауынгерлер: Пимичев Виктор Иванович, Ғалым Марат Ғалымұлы, Жүсіпов Қайрат Ыбырайұлы шақырылды. Қонақтар өздері туралы, кәсіби таңдаулары туралы айтып беріп, Ауғанстанда өткізген жылдары жайындағы естеліктерімен бөлісті, Ауған жерінде опат болған жерлестерін еске алды.
Іс-шараға қатысқан студенттер қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Жас ұрпақ сол қорқынышты жылдардағы оқиғаларды, интернационалдық парызын ерлікпен орындаған ержүрек адамдарды білуі және есте сақтауы тиіс.
Іс-шара өлең оқумен, бейнеролик көрумен, кітап көрмесімен сүйемелденді.
Кездесуге Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің әскери кафедра курсанттары мен Жоғары педагогикалық колледж студенттері қатысты.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ