Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Волонтерлік – жаңа ұрпақтың таңдауы»
26.01.2024
26 қаңтарда Әмбебап оқу залы Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдеріндегі Волонтерлік қозғалыс жылына арналған «Волонтерлік – жаңа ұрпақтың таңдауы» атты кітап көрмесінің салтанатты тұсаукесерін өткізді. ТМД-дағы Волонтерлік жылы волонтерлер қозғалысын дамыту бойынша тәжірибе алмасуға, бірлескен жобалар мен бастамалар құруға бағытталған.
Кітап көрмесіне ТМД елдеріндегі Волонтерлік қозғалыстың тарихы мен дамуы бойынша материалдар, еліміздегі волонтерлердің жұмыс істеуіне негіз болатын нормативтік құқықтық бағыттағы әдебиеттер, Қазақстан мен Қостанай облысы волонтерлерінің жұмысы туралы мерзімді басылымда жарияланған мақалалар қойылған.
Іс-шараға «Грин» Қостанай облысының азаматтық альянсы» қоғамдық қорының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты, Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Өтебаева Динара Қайырбекқызы, тележүргізуші, «Qostanai» телеарнасының редакторы, «Аманат» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының «Сөйле» тіл клубының жаттықтырушысы Пимичева Анель Витальевна, «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің басшысы, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі Мырзағалиев Руслан Жүсіпбекұлы, «Қостанай облысының жастар ресурстық орталығының» волонтерлік орталығының үйлестірушісі Боголюбов Николай Михайлович қатысты.
Сөз сөйлеушілер волонтерлер қозғалысының мейірімділікті, жанашырлықты, жауапкершілікті тәрбиелейтін қоғам өміріндегі басты қадамдардың бірі ретіндегі маңыздылығын атап өтті.
Көрме жыл бойы жұмыс істейді және жаңа материалдармен толықтырылып отырады.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ