Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Зейінді зерттеуші»
11.01.2024
11 қаңтарда Өлкетану әдебиеттері бөлімі жазушы, сатирик, этнограф Сейіт Кенжеахметовтың 85 жылдығына арналған «Зейнді зерттеуші» атты этнографиялық танымдық сабағын өткізді.
Іс-шараға Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының оқушылары қатысты. Олардың назарына жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы танымдық ақпарат, бейнеролик, сондай-ақ кітап көрмесі ұсынылды. Іс-шара аясында оқушылар Сейіт Кенжеахметовтың «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», «Қазақтың дархан дастарханы», «Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті» және «Мірдің оғы» секілді кітаптарымен танысты. Этнографиялық танымдық сабақтың соңында қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы көбірек білуге мүмкіндік беретін викториналар мен зияткерлік ойындар ұйымдастырылды.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ