Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Жаңа жылдық тартулар»
19.12.2023
Терезенің алдында қалың да ұлпа қар, астыңда жайлы да жұмсақ орындық, жаныңда ыстық шәй, қолыңда сүйікті кітабың. Абонементтер бөлімі қысқы ахуалға енуге және мерекелік көңіл күйге бейімделуге көмектесетін «Жаңа жылдық тартулар» көрмесін ұсынады. Ең алдымен бұл көркем әдебиеттер: классиктері Н. Гоголь, Ф. Достоевский, Г. Андерсен, Ч. Диккенс, А. Гофманның үздік шығармаларын қамтитын «Большая Новогодняя книга» әңгімелер жинағы, «Новогодняя коллекция детектива» басылымы, А. Полярныйдың «Снежная сказка», Ш. Нортонның «Оливер. Кот, который спас праздник» кітаптары. Бала кезіңізден сүйіп оқитын «Двенадцать месяцев», «Щелкунчик и мышиный король», «Снежная королева» ертегілері де көңіліңізді көтеруге көмектеседі. Сондай-ақ көрмедегі QR-кодының көмегімен фильмдер көруге болады.
Жаңа жылды көңілді өткізгісі келетіндер үшін біз сценарийлер, байқаулар, ойындар, тосттар ұсынамыз. Мерекеге дайындалу оңай жұмыс емес, сондықтан іс-шараны ұйымдастыруға көмекші болатын кітабыңызды табуға асығыңыз және келесі кітаптар пайдаңызға жарап қалуы әбден мүмкін: Р. Татьянин «Лучшие прически», С. Жук «Маникюр и педикюр», С. Черномурова «Праздник на столе», Россхардт П. «Праздничный стол», Е. Киладзе «Теплые салаты», «Коктейли», «Карвинг», «Декоративная резьба по овощам и фруктам» және т. б.
2023 жылдың 19.12. және 29.12. аралығында жұмыс істейтін көрмені көруге шақырамыз.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ