Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Әлем, сөйле менің ана тілімде»
06.12.2023
«Әлем, сөйле менің ана тілімде»
6 желтоқсанда Өлкетану әдебиеттері бөлімі драматург, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Абылай Фазылханұлы Маудановпен онлайн кездесу өткізді. Оның шығармашылығында әдеби талант пен аудармашылық талант біртұтас дүние болып тамаша үйлесім тапқан.
Кездесу барысында А. Мауданов балалар әдебиеті туралы, балаларды бірінші кезекте ата-аналар кітап оқуға тартуы керек деген ойларымен бөлісті. Іс-шараға негізінен «Ақ қауырсын» клубының мүшелері және шығармашыл зиялы қауым өкілдері жиналды. Студенттер А. Маудановтың өлеңдерін оқып, көптеген сұрақтар қойды. Кездесу соңында олар осындай қызықты автормен кездесуге мүмкіндік туғанына қуанышты екендіктерін атап өтті.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ