Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Домбыраның қос ішегінде»
24.11.2023
24 қарашада кітапхананың жиналыс залында «Встреча друзей» музыкалық клубының қатысуымен «Домбыраның қос ішегінде» атты ұлттық музыка кеші өтті. Концерт аясында клуб қатысушылары тыңдаушыларға музыкалық этюдтерді тарту етті, вокалдық топтың әншілері Шәмші Қалдаяқовтың әндерін орындады. Педагогикалық институттың өнер кафедрасының 2-ші курс студенті Сәния Жұматаева домбырада қазақ композиторы Құрманғазының «Адай» шығармасын орындады. «Карамельки» би студиясының қатысушылары орындаған қазақ билері кештің сәнін келтіре түсті.
Кеш қонақтары қазақ композиторларының шығармашылығы және «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» лиро-эпостық жырының пайда болу тарихы жайындағы «Ұлттық музыка – өшпес құндылығымыз» атты безендірілмелі кітап көрмесімен танысты.
#Гидқазақстанға #ГидПоКазахстану

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ