Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Еңбегі ел жадында»
09.11.2023
9 қарашада Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі Қазақ әдебиеті апталығы аясында Айдарбекұлы Рамазан мен Әмір Әбутәліп құрастырған «Еңбегі ел жадында» естеліктер жинағының тұсаукесерін өткізді. Естеліктер жинағы еңбек ардагері, зоотехник, «Қызбел» ауылының тумасы Айдарбек Көшекұлына арналған.
Іс-шараның құрметті қонақтары Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы, ұстаз Әбутәліп Әмір және Айдарбек Көшекұлының ұлы Рамазан болды. Олар өздерінің естеліктерімен бөлісіп, Айдарбек Көшекұлының түрлі жылдардағы еңбек жолы, ауыл шаруашылығына енгізген жаңашылдығы туралы айтып берді.
Іс-шараға туыстары, жерлестері, сондай-ақ қызы Зәмзагүл Айдарбекқызы қатысты.
Оқырмандар назарына Айдарбек Көшекұлының өмірі мен еңбек жолы туралы әңгімелейтін «Абыройы асқақ азамат» атты кітап көрмесі ұсынылды.
#Гидқазақстанға #ГидПоКазахстану

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ