Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Тарлан талант»
08.11.2023
Абонементтер бөлімі Қазақ әдебиеті апталығы аясында жазушы, драматург, Қазақстанның халық жазушысы Тахауи Ахтановтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Тарлан талант» атты портрет кешін өткізді. Іс-шараға А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ оқытушылары мен магистранттары қатысып, іс-шараның қонақтарын жазушының өмірбаянымен және шығармашылық қызметімен таныстырды, Т. Ахтановтың шығармаларындағы стилистика мен психологизмнің ерекшеліктері туралы айтып берді. «Күшік күйеу» пьесасы бойынша қойылған спектакльден үзінді келтірген І. Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының әртістері Шара Мүсілова мен Ақдәмен Досанова іс-шараны көркейте түсті.
Тахауи Ахтанов туралы танымдылығы мол болған кеш оқушы жастарды оның шығармаларын оқуға шабыттандырды.
#Гидқазақстанға #ГидПоКазахстану

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ