Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Қазақтың дара қызы, дана қызы»
15.09.2023

15 қыркүйекте Өлкетану әдебиеттері бөлімі механизатор, Қазақ КСР жастарының еңбек сіңірген тәлімгері, Социалистік Еңбек Ері, қоғам қайраткері Кәмшат Байғазықызы Дөненбаеваның туғанына 80 жыл толуына арналған «Қазақтың дара қызы, дана қызы» атты еске алу кешін өткізді.

Іс-шараға студент жастар, шығармашыл зиялы қауым, Кәмшат Дөненбаеваның туыстары мен жақындары қатысты. Жиналғандардың назарына «Қазақтың дара қызы, дана қызы» кітап көрмесі, таныстырылым, Кәмшат Байғазықызының қатысуымен түсірілген деректі фильмдегі сұхбаттан үзінділер, кеш кейіпкерінің тұлғалық қасиеттері мен еңбектегі ерлігі жайында көбірек білуге көмектескен Байғазықымен жақын аралас болған адамдардың естеліктері ұсынылды.

#ГидПоКазахстану



ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ