Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Экскурсия
12.09.2023
11 қыркүйекте кітапханаға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалының курсын тыңдаушылар келді.
Қала мен облыс мектептерінің мұғалімдері үшін кітапхананың бөлімдері бойынша шолу экскурсиясы өткізілді.
Кітапхана қызметкерлері кітапхананың құрылымы, оның кітап қорын пайдалану ережелері және қолда бар электрондық ресурстар туралы айтып беріп, анықтамалық-іздестіру аппаратымен, кітап қорымен, кітап көрмелерімен таныстырды, кітапхананың қандай бағдарламамен жұмыс істейтінін және жаңа кітаптарды ресімдеу мен бөлудің қалай жүргізілетінін көрсетті.
Келушілер жаңадан түсіп жатқан басылымдар туралы, қазақ тіліндегі салалық әдебиет туралы, педагогика және балалар әдебиеті бойынша кітаптар туралы, сондай-ақ кітап көрмелерін безендіру туралы сұрады. Соңында мазмұнды экскурсия үшін алғыс айтылды.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ