Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Орыс жанының айнасы»
11.09.2023
Құрметті оқырмандар! Өлкетану әдебиеттері бөлімінің сирек кітап мұражайы жазушы, публицист, әлем әдебиетінің қайраткері Лев Николаевич Толстойдың туғанына 195 жыл толуына арналған «Орыс жанының айнасы» атты кітап көрмесін ұсынады.
Оның шығармалары классикалық әдебиеттің алтын қорына енді. Олар ХХІ ғасырда да оқылуда және олардан тәлім алуда. Лев Толстойдың шығармалары бірнеше рет экранға шығарылды және сахналанды, оның пьесалары әлемнің барлық елінің сахналарында қойылды.
Кітап көрмесінде бірегей басылымдар ұсынылған. Мысалы, көрмеден 1928 жылы жарық көрген «Декабристы» романының үзінділерін немесе 1929 жылғы Көркем шығармалардың толық жинағының жекелеген томдарын көруге болады. Сондай-ақ оқырмандар Л. Н. Толстойдың ең танымал шығармаларымен: «Война и мир», «Анна Каренина», «Воскресение» романдарымен, «Детство», «Отрочество», «Юность» өмірбаяндық трилогиясымен және т.б. таныса алады.
Кітапханаға келушілерді екінші қабаттың фойесіндегі «Орыс жанының айнасы» көрмесімен танысуға шақырамыз.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ