Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Барлығына түсінікті туынды» (Тифлотүсініктемесі бар фильмдер қарау)
08.09.2023
«Л. Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК» көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімі тифлотүсініктемесі бар фильмдер көрсетуді жалғастыруда.
8 қыркүйекте «Самая обаятельная и привлекательная» фильмі көрсетілді.
Фильмді қарау барысында жанға жайлы, жүрекке жылы ахуал орнап, бәріміз киноның әдемі әлеміне сапар шектік. Фильмнің көрсетіліміне қатысушылар керемет актерлік құрамды: Ирина Муравьева, Леонид Куравлев, Александр Абдулов, Екатерина Васильева, Александр Ширвиндтті және басқаларды атап өтті. Фильм аяқталғаннан кейін олар фильмнің күлкілі сәттерін, дәйексөздерге айналған сөз тіркестерін еске алды, сонымен қатар туындының мейірімге толы екенін, жақсылыққа сенуге шақыратынын, баяғыдан келе жатқан өзекті тақырыпты қозғайтынын атап өтті. Алыстағы белгісіз нәрсені армандап, соған жетуге құлшынамыз. Алайда бақытымызға қажетті нәрсенің бәрі қол созым жерде екенін байқамаймыз.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ