Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Экскурсия
29.08.2023

       29 тамызда кітапханаға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалының курсын тыңдаушылар келді.

       Қала мен облыс мектептерінің мұғалімдері үшін кітапхананың барлық бөлімдері бойынша шолу экскурсиясы өткізілді. Кітапхана қызметкерлері кітапхананың құрылымы, оның кітап қорын пайдалану ережелері және қолда бар электрондық ресурстар туралы айтып беріп, анықтамалық-іздестіру аппаратымен, тақырыптық сөрелермен және кітап көрмелерімен таныстырды. Курс тыңдаушылары Сирек кітаптар мұражайы мен Америка бұрышында болды. Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі өзінің баспа жұмысымен таныстырды. Абонементтер бөлімі мен білімнің түрлі саласына қатысты кітаптар, сондай-ақ кітапхана алатын мерзімді басылымдар келушілердің ерекше қызығушылығын тудырды. Келушілер кеңестік кезеңдегі басылымдар мен кітап сақтау бөлімінің жұмыстары туралы және осы бөлімнен кітаптар мен журналдарға қалай тапсырыс беруге болатындығы туралы сұрады. Соңында мазмұнды экскурсия үшін алғыс айтылды.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ