Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Тарихтан тағылым: Бейбарыс ізімен»
03.04.2023

Құрметті оқырмандар! Әмбебап оқу залы назарларыңызға биыл 800 жылдығы атап өтілетін мемлекет қайраткері, ұлы қолбасшы және қыпшақтардың дана перзенті Бейбарыс сұлтанға арналған «Тарихтан тағылым: Бейбарыс ізімен» атты кітап көрмесін ұсынады.

Бейбарыс сұлтан қыпшақтардан шыққанына қарамастан, Египетті басқарған Мәмлүктер мемлекетінің төртінші сұлтаны болды.

Көрмеге қойылған әдебиеттер Бейбарыстың көптеген жеңістері туралы баяндайды, оны өз билігі кезінде Египеттің әл-ауқатын жоғары деңгейге көтерген батыл қолбасшы және дана билеуші ретінде көрсетеді. Қадыр Жүсіптің кітабы сұлтан Бейбарысты өмірінің соңында ата-бабаларының мекеніне оралған адал перзент ретінде үлкен құрметпен әңгімелейді.

Кітап көрмесінде орналасқан QR-код атақты Бейбарыс сұлтан туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Барлығыңызды жыл бойы жұмыс істейтін кітап көрмесіне қатысуға шақырамыз.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ