Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Басшылық мектебі
17.02.2023
2023 жылдың 17 ақпанында Л. Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК облыстың ОКЖ Басшылық мектебі өтті. Оған облыстың ОКЖ басшылары мен әдіскерлері қатысты.
Кәсіби кездесуде Л. Н. Толстой атындағы ОӘҒК басшысы Д. Т. Дүйсебаева Қостанай облысының мемлекеттік кітапханаларының 2022 жылғы жұмысының қорытындыларымен таныстырды.
Рудный ОКЖ директоры Л.А. Александренко қажетті қаражатты қалай алғаны және орталық кітапханада ғана емес, сонымен қатар кітапхана-филиалдарда да жөндеу жұмыстарын қалай жүргізгендері туралы айтып берді.
Денисов ОКЖ басшысы Л.Н. Некрасова орталық аудандық кітапханада жүргізілген жөндеу жұмыстарының нәтижелерімен бөлісті.
Әулиекөл орталық аудандық кітапханасында ерекше қажеттіліктері бар оқырмандардың қажеттіліктеріне арналған кеңістікті бейімдеудің қалай өткенін мектептің қатысушылары Әулиекөл ОКЖ директоры С. Ж. Серкебаеваның баяндамасынан білді.
Сондай-ақ мектеп қатысушылары республикалық байқаулар мен ұлттық жобаларға қатысу ережелерімен және «Мәңгілік өнер» облыстық байқауына қатысу шарттарымен танысты.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ