Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Кітап және қаламгер»
13.02.2023

Өлкетану әдебиеттері бөлімі кітап пен кітап оқуды ілгерілету жобасы аясында «Кітап және қаламгер» кітап көрмесіне арналған бейнесюжеттер сериясын жалғастыруда. Бұл жолы назарларыңызға белгілі рудныйлық ақын және суретші Сергей Лешаковтың «Красоте в ответ. Лирика» кітабын ұсынамыз.

Сергей Лешаков 1961 жылы 7 қарашада Челябі қ. дүниеге келген. Балалық шағы мен жастық шағы Қостанай облысының Рудный қаласында өтті. Нижний Тагил қаласындағы көркемсурет мектебінде оқыды.                        А. М. Горький атындағы Мәскеу әдеби институтының жоғары әдеби курстарында білім алып, оны 2001 жылы аяқтады. Соңында өзінің жастық шағы өткен жері Рудныйға оралды. Қазір осы жерде тұрып жатыр.

  «Красоте в ответ. Лирика» кітабында Сергей Лешаков оқырмандарға өзінің альбомдық лирикасын ұсынады. Альбомдық лирика жанры XIX ғасырда өте кең таралды, ол кезде әдеби салондар иелерінің барлығының қонақтар сурет салып, тілектер немесе өлеңдер жазып қалдыратын альбомдары болған. Альбомдық лирика махаббат тақырыбынан ақсүйектерге тән талаптардың сақталуымен, көбінесе қошемет білдірумен немесе әзіл сипатындағы өлеңдер болуымен ерекшеленеді. Кітап тек поэзия әуесқойлары үшін ғана емес, сонымен қатар көптеген оқырмандар үшін де қызықты болып табылады, өйткені Сергей Лешаковтың өлеңдерінде қарапайымдылық пен қысқа айтушылық сөздердің түрлі мағыналарымен керемет үйлесім тауып жатады.

Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер:
https://www.youtube.com/watch?v=J_YfkaHfZWI  

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ