Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Болашақ үшін сақталар бабалар мұрасы»
05.01.2023

Құрметті оқырмандар! Өлкетану әдебиеттері бөлімінің сирек кітаптар мұражайы назарларыңызға Қостанай мен Қостанай облысының тарихына арналған «Болашақ үшін сақталар бабалар мұрасы» атты кітап көрмесін ұсынады. Біздің көрменің мақсаты – отансүйгіштікке, өскен өңірге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Шынында да, туған өлкенің тарихын, мәдениетін құрметтемей, «туған жердің түтіні де ыстық болмай» өз Отанымызға, Қазақстанымызға деген сүйіспеншілікті ояту мүмкін емес. Белгілі қазақстандық жазушы Әбіш Кекілбаев: «Бүгінде халықтың рухани байлығын мұқият зерделеу, олардың әрбір болмашы белгісі бойынша алыста қалған өткенімізді қайта тірілте білу,  қазақстандықтардың бүгінгі күнге дейінгі ұзақ әрі қиын жолын қадағалай білу біз үшін аса маңызды», - деген болатын.

Кітап көрмесінде бірегей өлкетану басылымдары ұсынылған. Олардың ішінде 1897 жылғы А.А.Кауфманның  «Переселенцы-арендаторы Тургайской области» жинағы, «Великая реформа [1861–1911]: Русское общество и крестьянскiй вопросъ въ прошломъ и настоящемъ. Т. 6» (1911 г.) мерейтойлық басылымы, В. Г. Малехоньков, З. П. Толстых «Возникновение города Кустаная» (1959 г.), Г. М. Тетерев «Кустанайская сокровищница» (1958 г.), «Отчет Львовского опытного поля Тургайской области Кустанайского уезда» (1915 г.), И. Грушиннің «История Жиляевского восстания» (1922 г.), «Кустанай: вчера, сегодня, завтра» (1979 г.),С. Брайнинның «Амангельды Иманов – вождь восстания 1916 года в Казахстане» (1939 г.) және т.б. бар.

Кітапханаға келушілерді сирек кітаптар қорына: ағымдағы жылдың соңына дейін жұмыс істейтін «Болашақ үшін сақталар бабалар мұрасы» көрмесімен танысуға шақырамыз.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ