Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Төрткүл дүние таныған тәуелсіздік нышандары»
01.07.2022

2022 ж. 17 ақпанында Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК әмбебап оқу залы Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына арналған «Төрткүл дүние таныған тәуелсіздік нышандары» атты кітап көрмесінің салтанатты тұсаукесерін өткізді.

Көрме өз жұмысын жалғастыруда. Оның бөлімдері Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін қабылдаудың негізгі кезеңдерін көрсетеді. Х. М. Әбжанов пен Л. Н. Нұрсұлтанованың жалпы редакциясымен жарық көрген «История независимого Казахстана» монографиясы қазіргі Қазақстан тарихының өзекті сауалдары мен мәселелерін қарастыруымен қызықты, олар елімізде болып жатқан үдерістерді түсінуге мүмкіндік береді. Авторлық ұжым кітапта елімізде болып өткен және болып жатқан ең маңызды оқиғаларды көрсетуге тырысқан. Кітапты шығарушылар тәуелсіз Қазақстан тарихының оқиғалары толық қамтылғанына талас тудырмайды. Бұл – тарихшылардың, саясаттанушылардың, қоғамтанушылардың және жалпы гуманитарийлердің болашақтағы зерттеулерінің міндеті. Кітап студенттерге, жоғары оқу орындарының, колледждер мен мектептердің оқытушыларына, сондай-ақ гуманитарийлерге арналған.

Кітап көрмесі өз жұмысын жыл бойы жалғастыратын және көрмені жаңа материалдармен толықтырып отыратын болады. 


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ