Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Жаңа әдебиеттер
07.04.2022

Құрметті оқырмандар! Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі сіздерге тұрақты жұмыс істейтін  «Жаңа түскен кітаптар» кітап көрмесін ұсынады.

Көрме кітапханаға келіп түскен жаңа құжаттармен – кітаптармен, анықтамалық әдебиеттермен, газеттермен, журналдармен таныстырады. Бұл көрмеде түрлі білім салалары бойынша: Қазақстанның тарихы, саясаты, спорты және т. б. бағыттары бойынша кітаптар ұсынылды.

«Ашаршылық. Голод» атты жинақта Қазақстанның ауыл шаруашылығын кеңестік жаңғырту кезеңінің құжаттары жарияланды. Алуан түрлі дереккөздер қазақ ауылдарын күштеп ұжымдастырудың салдарынан орын алған қайғылы оқиғаларды көпшіліктің назарына ұсынады, тәркілеу және байлар мен кулактарды тап ретінде жою саясатын жария етеді, қазақ ауылындағы шиеленіс пен наразылық көңіл күйінің өсуін көрсетеді. Жинақ қайғылы оқиғалар туралы сол дәуірдің құжаттары – жарлықтар, қаулылар, қарарлар, хаттамалар, жиынтықтар, анықтамалар, статистика, осы апат туралы шынайы көрініс беретін азаматтардың өтініштері арқылы баяндайды.

Өзінің еңбегімен және ерлігімен Қазақстанның, сондай-ақ Қостанай облысының даңқын шығарған адамдар жайында, еңбексүйгіштіктің, жауапкершіліктің, шынайылық пен адалдықтың үлгісі болған тұлғалардың өмірі туралы «Казахстанцы – Герои труда», «Герои Казахстана», «Қостанайлықтар – Еңбек Ерлері» = «Костанайцы – Герои Труда»              кітаптары әңгімелейді. 

Д. М. Легкийдің Қостанай облысының мемлекеттік мұрағатының, Қостанай облысының тарихи-өлкетану мұражайының, Қостанай облысы бойынша ІІД және ҰҚКД арнайы мұрағаттарының, А.Байтұрсынұлы ат.  ҚӨУ мұрағатының құжаттары мен материалдарына негізделген (олардың көбі алғаш рет ғылыми айналымға енгізілген)  «Довоенный город. Кустанай. Областной центр. Казахская ССР (1936–1941 годы)» кітабында Қостанай (Кустанай) қаласының соғысқа дейінгі кезеңдегі (1936-1941 жж.) тарихы көрсетіледі.

Кітап өз Отаны мен туған өлкесінің тарихына қызығушылық танытатын оқырмандардың кең ауқымына арналған.

 «Қостанай облысының танымал тұлғалары» сериясындағы «Отанның лайықты азаматы» жобасы облыстың құрметті азаматтарының өмірі мен қызметі туралы әңгімелейді. Ол Қостанай облысының мемлекеттік мұрағатының қорларында сақталатын құжаттар мен фотоқұжаттар бойынша құрастырылды. Жоба көпшілік оқырманға арналған.

Кітап көрмесінде білімқұмар оқырманның назарын аударатын басқа да қызықты басылымдар жетерлік.

Барлық тілек білдірушілерді көрмемен танысуға шақырамыз.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ