Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Хан Абылай: тарихи тұлға һәм фольклорлық қаһарман»
02.11.2020

28 қазанда Өлкетану әдебиеттері бөлімі филология ғылымдарының докторы, профессор Алмасбек Әбсадықовтың «Хан Абылай: тарихи тұлға һәм фольклорлық қаһарман» кітабының тұсаукесерін өткізді. Шара ZOOM алаңында өтті. Кітаптың тұсаукесеріне  Ш.Уәлиханов ат. тарих және этнология институтының директоры Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай Өңірлік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Исенов Өтеген Ихсанұлы, сондай-ақ студенттер мен кітапхана оқырмандары қатысты.

Алмасбек Ахметұлы алдағы уақыттағы шығармашылық жоспарларымен бөлісті және кітапханаға жаңа кітабының бірнеше данасын сыйға тартты, ал қонақтар авторды жаңа кітабының шығуымен құттықтап, оған зор денсаулық және шығармашылық табыс тіледі.

 


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ