Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Шығармашылықтың кілті – ізденіс
16.06.2020

Өлкетану әдебиеттері бөлімінің әдеби-ақпарат секторы белгілі жас ақын, аудармашы, журналист, көптеген республикалық байқаулардың жүлдегері Алпамыс Файзолламен «Шығармашылықтың кілті – ізденіс» тақырыбына онлайн әңгіме өткізді. 

            Әңгіме барысында қонақ өзінің өмірбаяны туралы және шығармашылық жұмысқа қалай келгені туралы айтып берді. Қазіргі кезде жас ақын көркем әдебиет саласында белсенді еңбек етіп жүр. Атап айтқанда ол белгілі ирланд жазушысы Оскар   Уайльдтың және одан атағы кем түспейтін америкалық ақын және жазушы Эдгар Аллан Поның шығармаларын қазақ тіліне аударды. Қонақ аталған жұмыс туралы жан-жақты айтып берді. Мұның сыртында ол тікелей эфирде оқырмандардың сұрақтарына жауап беріп, олардың өтініштері бойынша өзінің бірнеше өлеңін оқып берді.

            Онлайн әңгіме жылы, шығармашылық ахуалда өтті. Нәтижесінде көптеген оқырмандар Алпамыс Файзолламен және оның шығармашылығымен танысуға мүмкіндік алды. https://www.youtube.com/watch?v=qzgUq1DTh_0


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ