Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Винилдің күші»
15.06.2020

Өнер туралы әдебиеттер бөлімінің музыка қорында 10 мыңнан астам винилді күйтабақтар сақтаулы тұр.

Дыбысханада қазақ музыка мәдениетінің жазбаларына көп орын бөлінген. Олардың ішінде Құрманғазы, Дина  Нұрпейісова, Дәулеткерей, Тіттімбет секілді ұлы композиторлардың, Жұбановтың, Мұқан Төлебаевтың,  Рахмадиевтің және т.б. көптеген шығармалары бар.

Қордан сондай-ақ балалардың әндері мен халық ертегілері жазылған, кеңес үкіметі кезіндегі атақты актерлер дыбыстаған күйтабақтарды табуға болады.

Винилді күйтабақтарға деген қостанайлықтардың, аға буын өкілдерінің ғана емес, сондай-ақ жастардың да сұранасы айтарлықтай жоғары. Бұл  қандай да бір сәннің ықпалы болуы да мүмкін, бірақ біз винилге деген сүйіспеншіліктің ешқандай сәнге бағынбайтынына, ол жұртты электронды тасығыштармен салыстыруға келмейтін, орындаушының дауысын жаныңда тұрғандай жеткізетін дыбысының сапасымен өзіне тартып алатынына сенімдіміз.

Дыбыс жазбасы каталогының іздеу жүйесінің қолайлылығының арқасында оқырмандар қажетті жазбаларды автордың есімі бойынша, топтың немесе орындаушыың аты бойынша тауып алады.  

Барлық тілек білдірушілер үшін бізде құлаққабы бар ойнатқыштар бар.           
         Ал мерекелерде біз күйтабақтар тыңдауды ұйымдастырамыз, оқырмандар тыңдап, ләззат алады және бір-бірімен алған әсерлерімен бөліседі.

Мұның барлығы музыканы ұнатушылардың санын арттыра түседі және күйтабақтар қазіргі кезде қайта жаңғырып келеді деп сеніммен айтуға мүмкіндік береді, ал кітапханалар бұл оқиғаның ортасында жүр.

Құрметті оқырмандар, қала тұрғындары! Винилді тыңдаңыздар, әдемілікті жүректеріңізге жеткізе біліңіздер!

        Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/watch?v=otw65J46iuU

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ