Абонементтер бөліміндегі Қазақстан халқы ассамблеясының 25 жылдығына арналған «Достық шаңырағы» жобасы өз жұмысын жалғастыру үстінде. Жоба Қазақстан аумағында тұрып жатқан этностар әдебиетінің көрмелер циклін ұсынады, сәуір айындағы бөлімі грек әдебиетіне арналған. Көрмеге гректердің тарихы мен мәдениетін көрсететін басылымдар, сондай-ақ Н. Хаммонд «История Древней Греции», Г. Д. Кирьякидис «Греция во второй мировой войне», И. Суриков «Пифагор», Плутарх «Избранные жизнеописания», Лукиан «Избранное» секілді және т.б. грек авторларының еңбектері қойылған.
Барлық тілек білдірушілерді көрмені көруге шақырамыз.