9 ақпанда АҚШ мемлекеттік департаментінің Access бағдарламасының түлегі Нұрым Әуезхан «Саналы тұтыну» сессиясын өткізді.
Кездесуге қатысқандар келесідей тақырыптарды талқылады: қоқысты сұрыптау, пластикалық бұйымдардан БАС ТАРТУ; пластикалық бұйымдарды ҚАЙТА ПАЙДАЛАНУ және ҚАЙТА ӨҢДЕУ; «нөл қалдық» деген не; Қазақстандағы қазіргі кездегі экологиялық жағдай; Қостанай экология үшін қалайша қауіпсіз бола алады.
Кездесу барысында қаламыздағы экологиялық жағдайдың тұрақтылығы атап өтілді. Алайда Қостанайдың Қазақстандағы экологиялық ахуалы жақсы өңірлердің бірі екендігіне қарамастан, біз оны таза ұстауға тырысуымыз керек және қоқысты ойланбастан кез келген жерге көміп тастаудың артып келе жатқанына адамдардың назарын аударуымыз қажет.