Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Шебер жазушы, сергек суреткер»
27.01.2020

2020 жылдың 23 қаңтар күні Өлкетану әдебиеттері бөлімінің әдеби-ақпараттық секторының ұйымдастыруымен талантты жазушы, белгілі журналист, драматург, ҚР мәдениет қайраткері, М. Шолохов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты Сәбит Айтмұханұлы Досановтың 80 жасқа толуына орай «Шебер жазушы, сергек суреткер» атты кеш өткізілді.

Алдымен С. Досановтың өмір жолына және шығармашылығынан сыр шертетін мазмұнды бейнебаян көпшілік назарына ұсынылды. Кешке арнайы шақырылған құрметті қонақтар қатарында Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, мәдениет қайраткері Оразалы Отынбайұлы Жақсанов және тарих ғылымдарының профессоры, доцент Өтеген Ихсанұлы Исенов болды.

Қонақтар қаламгердің өмір жолы мен шығармашылығына кеңірек тоқталды. Оның туындылары қоғамның маңызды тұстарын қамтиды, зұлымдық пен қызғаныштың құрбаны болған тұлғалар жайлы, нәзік табиғатты және ұлттық психологияға тән портреттік мінездеуін ерекше атап өтті. Жастар тарапынан жазушы жайлы сұрақтар қойылды.

«Ақ қауырсын» әдеби жастар клубының мүшелері қаламгердің шығармашылығынан және арнау өлеңдерінен үзінділер оқыды. Кітапхана қызметкерлері бірегей басылымдардың ұсынылумен кітап көрмесін ұйымдастырды. Кеш соңында қонақтар мен жастар естелік суретке түсті.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ