Сергей Михайлович Жалыбин - біздің облысымыз бен республикамызға ғана емес, сондай-ақ олардан тыс жерлерге де танымал тұлға. Ол белсенді өмір сүруді ұнататын, жігері арынды, тәжірибесі мол тамаша және білімді кісі.
Өлкетану әдебиеттері бөлімі оқырмандар назарына заң ғылымдарының докторы, мемлекет қайраткері, Қостанай облысының құрметті азаматы Сергей Михайлович Жалыбиннің 70 жылдығына арналған «Қазіргі кездің қаһарманы» көрме-қарауын ұсынды.
Көрмеге қойылған авторлық монографиялар, қызықты сұхбаттар мен баяндамалар жерлесімізді түрлі қырынан тереңірек тануға мүмкіндік береді. Көрмедегі материалдардан оның саяси қызметтегі мұраты туралы, әдебиетке деген құмарлығы туралы, қызықты және әдеттен тыс әуесқойлығы туралы біле аласыздар. Оқырмандарымыз бен қала қонақтарын көрмемен танысуға шақырамыз.