Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Латын әліпбиі – рухани жаңғыру бастауы»
10.01.2020

Үкімет қабылдаған шешімге сәйкес елімізде 2025 жылға қарай қоғам өмірінің барлық саласында латын қарпіне көшу жүзеге асырылмақ.

Қазақ халқының рухани және мәдени өсуінің дамуын көрсететін аталған әлеуметтік маңызды оқиғаның орын алуына байланысты Әмбебап оқу залында қазақ тілін кириллицадан латын қарпіне көшірудің өзекті мәселелеріне арналған «Латын әліпбиі – рухани жаңғыру бастауы» көрме-қарауы безендірілді.

Көрмеге қойылған әдебиеттердің ішінен қазақ тілінің дыбыстық жүйесі жан-жақты талданып, оның даму тарихының негізгі кезеңдеріне сипаттама берілген Ә.Жүнісбектің «Төл әліпби – төл жазу мәселелері» кітабы ерекше назар аударуға тұрарлық. Еңбек қазақ жазуының мәселесіне бейжай қарамайтындардың барлығына арналған.

«Мысль» журналында жарияланған «Переход на латиницу: вопрос решенный» мақаласында да әліпбиді латын қарпіне көшірудің өзектілігі сөз болады. Бұл болшақ ұрпақтың қарым-қатынас кеңістігін кеңейтуге, ақпарат алу аясын арттыруға, халықаралық тілдерді үйренуін жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Барлық тілек білдірушілерді жыл бойы жұмыс істейтін және өзекті материалдармен толықтырылып отырылатын кітап көрмесімен танысуға шақырамыз.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ