Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Ұлы даланың жеті қыры – алтын жоба, тарихи мұра»
09.01.2020

Әмбебап оқу залында ҚР тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры – алтын жоба, тарихи мұра» стратегиялық мақаласына арналған кітап көрмесі жұмысын жалғастырды.

Көрмедегі еліміздің тарихы, мәдениеті, табиғи көрікті жерлері жайындағы ең соңғы мәліметтер енгізілген «Ұлы дала елі. Страна Великой степи» кітабы назар аударуға тұрарлық.

Сондай-ақ оқырмандар үшін ежелгі түркілердің өмірі мен тұрмысы, олардың жетістіктері, жеңістері мен жеңілістері жайындағы М. Аджидің «Древняя история тюрков и Великой Степи» кітабы да біршама қызықты болары анық.

Көрмеге қойылған әдебиеттер шынайы отаншылдықты, Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге бағытталған.

Барлығыңызды жыл бойы жұмыс істейтін кітап көрмесімен танысуға шақырамыз.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ