Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Достық шаңырағы»
08.01.2020

2020 жыл – Қазақстан Республикасыың тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 1995 жылдың 1 наурызында құрылған Қазақстан халқы ассамблеясының 25 жылдығы.

Ассамблея жұмыс істей бастаған сәттен бастап республиканың көптеген этно-мәдени орталықтары алғаш рет өзінің тілін, өзінің мәдениетін қайта жаңғыртуға шынайы мүмкіндік алды және мұның барлығы мемлекеттің тікелей қолдау көрсетуімен жүзеге асырылды. Ассамблея тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиындықтарды жеңе білді және көп ұлтты қазақстандық қоғамды нығайтуға елеулі үлес қосты.

Қазақстан этностары әдебиеттерінің көрмелер циклін ұсынатын Абонементтер бөлімінің «Достық шаңырағы» жобасы Ассамблеяның мерейтойына арналған. Қаңтар айындағы бөлімі кәріс әдебиетіне арналған.

Кәрістердің алғашқы елді мекендері республика аумағында 19 ғ. соңында пайда болды, алайда Қазақстанның қазіргі кездегі кәрістерінің көпшілігі жаппай қуғын-сүргін жылдары қиыр шығыстан жер аударылған кәрістердің ұрпақтары болып табылады. Кәрістер 1937 ж. Қазақстанға жер аударылған алғашқы этностардың (Кавказдан көшірілген күрдтермен бірге) бірі болды.

«Біз бір шаңырақ аясында, біртұтас бейбіт аспан астында өмір сүріп жатырмыз. Мен мұндай құбылыс жер бетінде жоқ деп ойлаймын. Біздің Қазақстан халқы ассамблеямыз дәл осындай дүние – бұл жер бетінде бұған ұқсайтын ештеңе жоқ ерекше институт», – дейді Қазақстандағы кәрістер қауымдастығының Вице-президенті Игорь Ли.

Көрмеге кәріс халқының тарихы мен мәдениетін, Қазақстан мен Оңтүстік Корейдің өзара қарым-қатынасын көрсететін басылымдар, сондай-ақ көркем шығармалар қойылған. Әдебиеттер екі тілде: орыс және кәріс тілдерінде ұсынылған. Әр оқырман бос уақытында оқуға болатын немесе кәріс тілін үйрену үшін оқуға болатын әдебиетті таңдай алады.

Көрме ай бойы жұмыс істейтін болады.

Барлық тілек білдірушілерді көрмені тамашалауға шақырамыз!

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ