Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Ақ қауырсын қанат қақты»
27.12.2019

2019 жылдың 25 желтоқсан күні Өлкетану әдебиеттері бөлімінің әдеби-ақпараттық секторының ұйымдастыруымен «Ақ қауырсын қанат қақты» атты жаңа жылдық әдеби-жыр кеші өткізілді. Шараға «Ақ қауырсын» әдеби жастар клубының мүшелері белсене атсалысты. Сонымен қоса шығармашыл клубқа жаңадан қосылған талантты жастардың да саны басым болды. Алдымен осы клубтың түлектері Жанболат Кенжеғұл және Махаббат Жарбосын сынды жастардың бейнесәлемі көпшілік назарына ұсынылды.

         Шара барысында жастар бір-бірімен жақын танысып, әдеби сұрақтар және викториналар, қызықты ойындар арқылы топ болып сайысты. Жастардың қызығушылықтары жоғары деңгейде болып, ұйымдастырушыларға ыстық ықыластарын білдірді. Кеш соңында жас ақындар өздерінің төл туындыларынан сыр шертіп, бар өнерлерін ортаға салды. Клубтың белді мүшесі Дәулет Жадырасын жаңа мүшелерге сәтті қадам тілеп, Қостанайда жастардың әдеби ортасын қалыптастыруға шақырды. Шара соңында жастар естелік суретке түсті. 


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ